Жаңалықтар тізбегі
0

Синоптиктер елімізде күн қайта күрт ыси бастайтынын болжайды

Ауа райы болжамы, 29 мамыр, Қазақстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.05.2024 17:49 Сурет: unsplash
Синоптиктер алдағы сәрсенбі - 2024 жылы 29 мамырда Қазақстанда ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК деректері бойынша ауқымды антициклон республикамыздың батыс және оңтүстік өңірлерінде өз әсерін сақтап, күн райы жауын-шашынсыз болады.

"Еліміздің қалған аумағы әлі де циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінде болып, күн райы жауын-шашынды болады. Алматы облысының тауларында, түнде ҚР шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Республика бойынша желдің екпін алуы тән, солтүстік, солтүстік-батыс өңірлерде бұршақ түседі, батыс, оңтүстік-батыс өңірлерде қатты жел соғады, шығыста түнгі және таңертеңгі уақытта тұман болады деп күтіледі", делінген хабарламада.

Болжамға сәйкес, түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, батысында, Абай облысының шығысында, орталығында, Ақтөбе облысының солтүстігінде топырақ беті қатып, сынап бағаны 2-3 градус суықты көрсетеді деп болжанады.

Сондай-ақ, синоптиктер өрт қаупі жоғары өңірлерді де атады:

  • Қостанай облысының оңтүстігінде, Атырау облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, Қызылорда облысының шығысында, батысында, оңтүстік-батысында, Батыс Қазақстан облысының орталығында, Жетісу облысының шығысында өрт қаупі сақталады
  • Жамбыл облысының батысында, шығысында өрт қаупі жоғары.


"Түркістан облысының шөлейтті аудандарында, Батыс Қазақстан облысының батысында (Жәнібек ауданының батыс бөлігінде), Атырау облысының батысында төтенше өрт қаупі сақталады", деп толықтырады "Қазгидромет" РМК.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: