Алматы полициясы пәтер ұрыларын құрықтады
Сурет: ҚР ІІМ
Күдіктілерді ұстау іс-шарасын қалалық криминалдық полиция қызметкерлері әріптестерімен және Алатау аудандық ПБ мен полицияның арнайы жасақтарымен бірлесіп жүргізді.
Тергеудің осы кезеңінде бес күдіктінің 11 ұрлыққа қатысы бар екендігі белгілі болды.
"Күдіктілер стандартты тізбек бойынша әрекет етті: олар үй иелерінің бар-жоғын тексерді, үйге кіріп, байқатпай алып кетуге болатын барлық затты – алтын бұйымдарды, қолма-қол ақшаны және тұрмыстық заттарды алып кетті. Соңғы қылмысты күдіктілер Нұркент шағын ауданында жасаған. Күдіктілер кілтті таңдау арқылы пәтерге заңсыз кіріп, жалпы сомасы 500 мың теңгенің жеке мүлкін ұрлаған. Олар ұсталып, қамауға алынды. Қылмыстық топтың қаланың Алатау, Алмалы, Бостандық және Түрксіб аудандарында ұрлық жасағаны белгілі болды", – деді, Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Қуатбек Науатов.
Айтпақшы, күдіктілер – Қазақстанның басқа аймақтарынан келген, бұрын да осыған ұқсас қылмыстар жасағаны үшін сотталғандар.
ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.
ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript