Қарабаев Qazaq Air компаниясы инвесторының ауысуынан не өзгеретінін нақтылады
Сурет: Instagram/qazaqair_official
ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев 29 мамырда мәжіліс аясында Qazaq Air-ді шетелдік инвесторға сатудан не өзгертінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қарабаев авиакомпанияны сату кезінде нарыққа жақсы халықаралық ойыншы – Vietjet компаниялар тобын тарта алу мүмкіндігін айтты.
"Бұл компанияның бірнеше міндеттемелері бар. Бірінші – Qazaq Air-дің 38 миллиард көлеміндегі қарызын толық жабу, екінші, ең маңызды міндет – Қазақстанда тіркелетін қосымша 20 ұшақты жеткізу. Яғни, неббәрі 5 жылдың ішінде 50 ұшақ келеді. Салыстыратын болсақ, бізбен бірге 23 жыл жұмыс істеп келе жатқан "Air Astana-ның" осы уақыт ішінде 50 борты болды. Ал, жаңағы 50 борт дегеніміз, бұл кем дегенде 5 миллиард инвестиция", – деді ол.
Оның айтуынша, вьетнамдық компаниямен келісім олардың Қазақстанға сенімін көрсетеді.
"Біздің азаматтарға ең маңызды не? Әрине, қолжетімділік. Енді борттар жеткілікті болса, бұл азаматтардың қалтасына да оңтайлы болады. Бәсекелестік күшейіп жатқандықтан, бұл, әрине, әуе билеттерінің құнына әсер етеді, - деді ол.
Авиакомпанияның атауы өзгере ме, жоқ па – бұл жаңа инвесторға байланысты.
"Енді ішкі рейстер ғана емес, халықаралық рейстер де іске қосылады. Бұл біздің келіссөздер ұстанымымыз, біз өз нарығымызға және халықаралық нарыққа осы арқылы қол жеткіземіз", - деп атап өтті Көлік министрлігінің басшысы.
Ол сондай-ақ қазақстандықтардың ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты алаңдаушылығына жауап берді.
"ТЖ жағдайында, барлық жағдайда, Қазақстан аумағындағы барлық объектілердің барлық қажетті мемлекеттік органдардың бақылауында екенін реттейтін заң бар. ТЖ кезінде және ТЖ кезінде емес, жеке тәртіп бар", - деп түйіндеді Қарабаев.
Оқи отырыңыз
Бүгін - Мұстафа Өзтүріктің туған күні
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript