Құлсарыда су тасқынынан зардап шеккен 325 кәсіпкерлік субъектінің 40-қа жуығы құжат өткізген

Кәсіпкерлік субъекті, су тасқыны, Құлсары, құжат, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.05.2024 20:34 Сурет: Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы
Құлсары қаласында су тасқынынан зардап шеккендердің тізіміне 325 кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Бүгінгі таңда 40-қа жуық кәсіпкер тиісті құжаттарды тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы қазіргі уақытта комиссия үш бағытта жұмыс істеп жатқанын нақтылайды:

  • тауар-материалдық құндылықтар,
  • жылжымайтын мүлік,
  • жылжымалы мүлік және құрал-жабдықтарға келтірілген шығынды өтеу.

Тауар-материалдық құндылықтар бойынша 135 өтініш берілді, қазір мамандар мемлекеттік кірістер департаментімен бірлесіп өтемақыларды есептеу процесін жүргізуде, 52 кәсіпкер өтемақы алу үшін сот сараптамасын алды.

Жылжымайтын мүлкі бүлінген кәсіпкерлер саны – 137, 9 нысан бойынша техникалық байқау жұмысы жалғасуда, 128 кәсіпкерлік нысанына техникалық байқау қорытындысы берілді:

  • апатты жағдайда деп танылған (бұзуға жатады) – 15 нысан;
  • ⁠⁠күрделі жөндеуді қажет ететін – 14 нысан;
  • ағымдағы жөндеуді қажет ететін – 97 нысан.

Бүгінгі таңда 44 нысан бойынша сметалық құжаттамалар жасалды.

Жылжымалы мүлкі мен жабдықтары бүлінген кәсіпкерлер саны - 119, бүгінгі таңда 15 өтініш бойынша жұмыстар аяқталды, 104-і қаралуда.

Жоғарыда аталған жұмыстарға барлығы 12 компания және 57 бағалау және арнайы сараптама маманы жұмылдырылған.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: