Жаңалықтар тізбегі
0

ҰБТ-ға қалай күйзеліссіз дайындалуға болады - Психологтың кеңестері

ҰБТ-ға қалай күйзеліссіз дайындалуға болады? Психологтың кеңестері, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.05.2024 14:09 Сурет: Zakon.kz.
Кез келген емтихан – адамның алаңдаушылық сезімін тудыратын оқиға. Емтихан алдындағы балалардың мазасыз күйі олардың ата-аналарына да беріледі.

Психолог бұл күрделі сынақты күйзеліссіз қалай өткізуге болатынын түсіндірді.

ҰБТ-2024 қандай болады?

Биылғы Ұлттық бірыңғай тестілеу бірнеше кезеңнен тұрады. Сондай-ақ, талапкерлерге грантқа қол жеткізу үшін конкурсқа қатысуға мүмкіндік беріледі.

ҰБТ-ға тіркелу кезінде оқушылар тестілеу күнін, уақытын және емтихан тапсыру орнын өздері таңдайтынын ескеру маңызды.

Өтінімдерді қабылдау аяқталды. Тестілеу 16 мамырда басталып, 5 шілдеге дейін жалғасады.

ТЖ режиміне байланысты алты өңірде (Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары) тестілеу 25 мамыр мен 12 шілде аралығында өтеді.

Күйзеліс әртүрлі жолдармен білінеді

Осындай жауапты кезеңде баланың ата-аналары мен жақындарының басты міндеті – дайындыққа қолайлы жағдай жасау, қамқорлық, қолдау көрсету. Осы орайда психолог Татьяна Остапенко мазасыздықты төмендету бойынша ұсыныстарымен бөлісті.

Оның айтуынша, емтихан тапсыратын адамдардың екі түрі бар. Біріншісі – сабырлы (сырттай), ал екіншісі – дүрбелеңге түсетіндер.

"Стресс кезінде жүйке жүйесі күшті адамдар ойын жинақтап, өз міндетін орындауға жұмыла кіріседі. Бірақ олар бұл күшті болашақтан, аванспен алады деуге болады. Сондықтан, олар көбінесе күйзеліс жағдайында жұмыс істеп болған соң әлсіреп қалады. Мысалы, кейбіреулер истерикаға салынуы мүмкін, бұл жұмсалмаған энергияға жауап беру мүмкіндігі сияқты.

Ал жүйке жүйесі әлсіздер емтиханға дайындық кезінде бар күшін жұмсайды. Сөйтіп, сынаққа күштері сарқылып келеді", – дейді маман.

Психолог балаларға күш пен энергияны сақтау үшін бірнеше қарапайым ұсыныстар берді:

• Жұмыс орнын дайындаңыз. Қажет нәрсенің бәрін қалдырып, ойды бөлетін заттардың барлығын алып тастаған жөн.

• Емтиханға дайындалу тәртібін ойластырыңыз. Емтиханға дайындық уақытын ескере отырып, күнделікті оқуға арналған материалдың көлемін анықтайтын жоспар құру қажет.

• Энергияңыз қай уақытта (таңертең немесе кешке) көп болатынын білсеңіз, соған сәйкес жүктемені бөліңіз.

• Алдымен білгеніңізді қайталап, содан кейін жаңа нәрсені үйрену ыңғайлы. Сонда сізде күрделі материалды есте сақтауға және түсінуге көбірек уақыт болады.

• Жұмыс пен демалысты алмастырып тұруды ұмытпаңыз! Демалысты серуендеп немесе спортпен өткізген дұрыс.

• Дайындық кезінде сызбалар, кестелер, жауап жоспарларын және шпаргалка жазу жазу пайдалы (әрине, тестілеуде қолдану үшін емес).

• Ешқашан барлық материалды жаттауға тырыспаңыз. Оны түсіну маңызды, сондықтан негізгі ойлар мен ұғымдарға назар аударыңыз.

• Ауызша емтихан алдында ең қиын деп таныған сұрақтарыңызға дауыстап жауап беріп үйренген дұрыс.

• Сұйықтықты көп ішуді ұмытпаңыз. Су ағзадағы стресс гормондарын шығаруға көмектеседі.

Жүйке жүйесінің бұзылуын болдырмау үшін не істеу керек?

Мазасыздықты бақылауда ұстауды үйрену маңызды. Оның оңай жолы – тыныс алу арқылы. Тыныс алудың жиілеуі – мазасыздықтың алғашқы сыртқы белгісі (басқаларға көрінетін).

Мазасыздық жағдайында біздің денеміз стресс гормондарын бөледі. Олардың бірі – кортизол.

Стресс гормондары ішкі ағзаларға жеткенде, оларға "шабуылға дайын болуға" бұйрық береді. Жүрек тез соғып, қанды жылдам айналдыра бастайды, осылайша ми оттегінің қосымша бөлігін алып, белсенді жұмыс істей алады. Бірақ сіздің жүйке жүйеңіз басқаша әрекет ететіндіктен, ми барлық күшін "тығырықтан шығуға" бағыттайды. Сондықтан, кейде барлығын жатқа білсеңіз де, емтихан кезінде еске түсіре алмайсыз.

Психолог мұндай жағдайларда тыныс алуды қалыпқа келтіруге кеңес береді. Осылайша, миға жағдайдың қауіпсіз екенін және мазасыздануға себеп жоқ екенін көрсетесіз.

Біреулер үшін бұл жағдайда терең тыныс алу жеткілікті. Ал біреулерге визуалды белгілер қажет. Татьяна Остапенко стрессті жеңуге көмектесетін кейбір жаттығуларды ұсынады.

"Квадрат бойынша тыныс алудың" әдісі бар. Тыныс алу-кідіру-дем шығару-кідіру-тыныс алу және т.б. Немесе "төрт-сегіз" санап тыныс аламыз: төртке дейін санап тыныс алу, сегізге дейін санап дем шығару. Осылайша, дем шығару тыныс алудан екі есе ұзағырақ. Екі нұсқаны да қолданып көріп, өзіңізге ыңғайлысын таңдаңыз.

Егер сіз емтиханда дүрбелеңге түссеңіз, "5-4-3-2-1" әдісі көмектесуі мүмкін:

5. Айналаңызға қарап, бес затты табыңыз. Оларды атаңыз.

4. Денеңізді тыңдап, төрт сезімді атаңыз. Мысалы, аяғым жылы, мен отырған орындығымды сеземін.

3. Үш түрлі дыбысты тыңдаңыз. Мысалы, дәліздегі немесе терезенің сыртындағы шу, көрші кабинеттегі дыбыстар.

2. Иіскеп, екі иісті атаңыз.

1. Бір нәрсенің дәмін татып көріңіз. Су немесе сағыз болады.

Бұл қарапайым әрекеттер сізді қалыпты күйге түсіріп, алаңдаушылықты басуға мүмкіндік береді.

Ата-аналарға арналған кеңестер

  • ҰБТ туралы есте сақтау маңызды, бірақ ол үшін оқудың қажеті жоқ.
  • Балаңыз өз бетінше жасай алатын барлық нәрсені өзі жасауы керек.
  • Қорқыту мен байбалам салу мотивацияны өлтіреді.
  • Тестілеу туралы әр әңгімені күтетін үмітіңізге түйістірмеңіз және ҰБТ-ны болашақпен байланыстырмаңыз. Өмір онымен аяқталмайды.
  • Балаңызбен тестілеуге деген көзқарасы туралы сөйлесіңіз.
  • Сұрақтар туралы көбірек біліңіз. Оның қиындығы туралы өз пікіріңіз болсын.
  • Болашақ және тестілеу туралы әңгімелер жайбарақат өтуі керек.
  • Дайындық кезінде балаға қалай көмектесе алатыныңызды біліңіз.

Есіңізде болсын: балаға сүйіспеншілік пен қолдау қажет.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: