Қазақстанда қанша бала бар – ресми статистика

Балалар саны, Қазақстан, статистика, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.06.2024 10:30 Сурет: Zakon.kz
Жыл сайын 1 маусымда елімізде және өзге шетелдерде де Халықаралық балаларды қорғау күні аталып өтеді. Осындай даталы күні Ұлттық статистика бюросы елімізде қанша бала барын жария етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша, 18 жасқа дейінгі балалар саны - 6 841 527. Оның ішінде 3,5 млн – ұл, 3,3 млн – қыз бала. Балалардың 59,7% қалалық жерде тұрады.

"Халықтың жалпы санында 18 жасқа дейінгі балалардың үлесі 34,1% құрайды. Өңірлер арасында халық санындағы балалардың ең жоғары үлес салмағы Түркістан облысында – халықтың 43,3% 18 жасқа дейінгі балалар, одан кейін Маңғыстау облысы (41,9%) және Шымкент қаласы (40,6%)". Ұлттық статистика бюросы

Сондай-ақ ұлттық бюро өңірлер бөлінісіндегі 18 жасқа дейінгі балалар санын да ұсынды:

  • Абай облысы – 188 321
  • Ақмола облысы – 223 493
  • Ақтөбе облысы – 330 877
  • Алматы облысы – 556 114
  • Атырау облысы – 274 688
  • БҚО – 217 427
  • Жамбыл облысы – 465 492
  • Жетісу облысы – 245 056
  • Қарағанды облысы – 317 101
  • Қостанай облысы – 206 584
  • Қызылорда облысы – 335 399
  • Маңғыстау облысы – 329 613
  • Павлодар облысы – 205 030
  • СҚО – 126 424
  • Түркістан облысы – 927 107
  • Ұлытау облысы – 75 506
  • ШҚО – 182 714
  • Астана – 472 070
  • Алматы – 665 430
  • Шымкент – 497 081

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: