Ел азаматтары Құрбан айтта неше күн демалады
Айта кетсек, Құрбан айт Ораза мерекесінен 70 күн өткен соң пайғамбарымыз қастерлеген Ибраһимнің құрбандығын еске алу мақсатында атап өтіледі.
Күнтізбеге сәйкес, ағымдағы жылы мұсылман мерекесі дүйсенбі, 17 маусымға сәйкес келеді. Тиісінше, бұл күн демалыс күні болып табылады. Сонда ел азаматтары Құрбан айтта үш күн — 15, 16 және 17 маусымда демалады.
Еңбек кодексінің 84-бабының 5-тармағына сәйкес, Қазақстанда Құрбан айттың бірінші күні демалыс болып жариялаған.
Бұл күні әрбір мұсылман Аллах разылығы үшін мүмкіндігі болса құрбандық шалып, мал сояды (жылқы малынан басқасын). Алланың бұйыруы бойынша бірінші құрбандық Ибрагим пайғамбардың сүйікті баласы – Исмайыл болуы керек болды. Не әкесі, не баласы оған қарсы болған жоқ. Аллаһ әкесі мен баласының өзіне берілгендігіне көз жеткізіп, оларды құрбандыққа шалған жұмақтан аспан түстес көк қошқарды түсіріп, оларға мейірім түсірді. Содан бері дәстүр жалғасын табуда. Оны орындау – әрбір мұсылманның міндеті.