Жаңалықтар тізбегі
0

Жазғы каникул: балалар интернеттің "құрбаны" болмас үшін ата-ана не нәрсеге мән бергені жөн

телефон, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.06.2024 13:26 Сурет: polisia.kz
Полиция жазғы каникул кезінде балалар интернеттің "құрбаны" болмас үшін ата-аналарға бірнеше кеңес берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Оң-солын" дұрыс ажырата алмайтын жасөспірімдер киберкеңістіктің теріс әсеріне ұшырауы мүмкін. Әртүрлі сайтқа кіріп, топтар мен қауымдастықтарға тіркеліп, кәмелетке толмаған бала бейтаныс адамдармен виртуал байланысқа түседі. Бөтен адамның ықпалына тез беріліп, бала өзінің "жаңа досына" банк картасының нөмірі, телефон нөмірі, жеке кабинеттер мен парақшалардың құпия сөздерін, тұрғылықты мекенжайы туралы айтып қоюы мүмкін. Сонымен қатар күдікті адаммен виртуалды қарым-қатынас өмірдегі кездесулерге ұласу қаупі бар", - делінген хабарламада.

Ішкі істер министрлігі жеткіншек ақша табу мақсатында закладчик-курьерлерді жинайтын хабарландырулардың құрығына да түсіп қалуы мүмкін екенін ескертті.

Полиция ата-аналарға балаларды қауіптен қорғауға көмектесетін негізгі ережелерді сақтауды ұсынады:

  • Баланың мінез-құлқы мен жаңа қызығушылықтарына назар аударыңыз;
  • Егер бала интернетте алған тапсырмаларды өмірде орындаса, оған тез арада назар аударыңыз; 
  • Мазмұны кәмелетке толмағандарға теріс әсер етуі мүмкін ресурстарға шектеу қойыңыз; 
  • Балаға жеке ақпаратты жарияламау керегін үйретіңіз;
  • Әлеуметтік желілерде балаңыздың қандай топтар мен қауымдастықтарға жазылғанын қадағалаңыз;
  • Балаға бөтен адаммен сөйлесудің қауіпті екенін түсіндіріңіз;
  • Ықтимал қауіп анықталған жағдайда дереу полицияға хабарлаңыз;
  • Өзіңізге және балаларыңызға сақ болыңыз.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: