Алматы қаласының әкімі президентке есеп берді
Әкімнің айтуынша, есепті кезеңде Алматы экономикасының базалық салалары жоғары өсу қарқынын көрсетті.
Атап айтқанда, көлік қызметінің көлемі – 17,5%-ға, құрылыс – 5,7%-ға және байланыс – 4,4%-ға өсті. Мегаполис экономикасына 360 млрд теңге жеке инвестиция тартылып, 5,8%-ға өсті.
Досаев сондай-ақ 2024 жылғы сәуірде Алматыда жылдық инфляция 9,1%-ға дейін бәсеңдегенін хабарлады. Жыл басынан бері 19,5 мың жұмыс орны құрылды, бұл жұмыссыздық деңгейін 4,7 пайызға дейін төмендетті.
Сонымен қатар, ол шаһардағы кейбір аудандарды сумен тұрақты қамтамасыз ету үшін қабылданып жатқан шаралар туралы айтты. Биыл ақпан айында қаланың жоғарғы бөлігін сумен қамту жөніндегі резерв схемасын жасау жұмыстары басталған. Құрылысты осы жылдың 1 шілдесіне дейін аяқтау жоспарланып отыр. Ал "Балқаш" таза су резервуары пайдалануға беріліп, "Юбилейный", "Каменское плато" және басқа да аудандарға су жеткізіле бастаған.
Сонымен қатар, ол Алматы қаласының Көлік негізін қалыптастыру аясындағы жобалар пулын іске асыру барысы туралы ақпаратты ұсынды.
Кездесу соңында мемлекет басшысы Алматы экономикасын әртараптандыру, баға тұрақтылығын қамтамасыз ету және инфляцияны одан әрі төмендету шеңберінде инвестиция тарту бойынша жұмысты жалғастыруды тапсырды. Сондай-ақ мегаполисті сумен қамту жағдайын ерекше бақылауда ұстау қажеттігі айтылды.
Тоқаев бұған дейін де бірқатар кездесулер өткізген болатын. Алдымен ол ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы Кеңесінің отырысына қатысушылармен кездесті. Содан кейін Мемлекеттік Дума төрағасымен жеке сөйлесті.