Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда отбасын қолдау орталықтары немен айналысатын болады

Қазақстанда отбасын қолдау орталықтары немен айналысатын болады, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.06.2024 16:28 Сурет: Zakon.kz
Жастар және отбасы істері комитеті отбасын қолдау орталықтарының қызметін жүзеге асыру қағидаларын әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Орталықтар халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың жанынан аудандарда және қалалардағы аудандарда жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша коммуналдық мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылады және (немесе) ұйымдастырылады.

Орталықтардың міндеттері:

  • мемлекеттік отбасы саясатының шараларын, оның ішінде некені және отбасыны сақтау, отбасылық жанжалдарды шешу жөніндегі шараларды іске асыру;
  • өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардың қолдаумен, оның ішінде интеграцияланған модель арқылы қолдаумен қамтуы жөніндегі жұмысты үйлестіру;
  • өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарға (отбасыларға) әлеуметтік, заңдық және психологиялық қолдау көрсетуге жәрдемдесу;
  • тұрмыстық зорлық-зомбылық белгілері бар адамдарға бір айға дейінгі мерзімге уақытша тұру мүмкіндігін беру арқылы қолдау көрсету;
  • мемлекеттік отбасы саясатының бағыттары мен шаралары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысы;
  • жергілікті атқарушы органдармен, ұйымдармен, волонтерлермен, консультативтік-кеңесші органдармен мемлекеттік отбасы саясатын іске асыру, тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау;
  • мемлекеттік отбасы саясатының үрдістерін мониторингілеу және талдау;
  • халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органның үйлестіруімен, өз құзыреті шегінде білім беру, денсаулық сақтау, ішкі істер органдары қатысқан кезде өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарды (отбасыларды) ерте анықтау және оларға қолдау көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі мобильдік топтардың жұмысын ұйымдастыру;
  • тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы бойынша өзге де шараларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес іске асыру.

Орталықтар келесі функцияларды орындайды:

  • өмірлік қиын жағдайға тап болған немесе оның туындау қаупі бар адамдарды (отбасыларды) анықтау бойынша жұмысты ұйымдастыру;
  • өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдардың (отбасылардың) жағдайын кешенді бағалауды жүзеге асыру, сондай-ақ осы адамдарды (отбасыларды) сүйемелдеудің жеке жоспарын жасау және жүргізу;
  • мемлекеттік қолдау шараларын алу мәселелері бойынша консультациялар беру, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың құзыреті шегінде мемлекеттік қолдау шараларын көрсету үшін тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдарға жіберу;
  • психологиялық кеңес беру;
  • заңгерлік кеңес беру;
  • тұрмыстық зорлық-зомбылық белгілері бар адамдарға бір айға дейінгі мерзімге уақытша тұру мүмкіндігін беру арқылы тиісті ұйымға жіберілгенге дейін қысқа мерзімді орналастыруды ұсыну;
  • өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға (отбасыларға) және тұрмыстық зорлық-зомбылық белгілері бар адамдарға көмек көрсету үшін әлеуметтік әріптестер мен еріктілерді тарту;
  • халық арасында отбасын нығайтуға, оның ішінде отбасын құруға бағытталған оқыту және ағарту іс-шараларын жүргізу;
  • ажырасу процестері бойынша кеңес беру;
  • өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың қатысуымен, оның ішінде интеграцияланған модель арқылы өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға (отбасыларға) қолдау көрсетуді ұйымдастыру бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимылдың тиімділігін үйлестіру және мониторингілеу;
  • өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдардың (отбасылардың) жеке жұмыс жоспарын іске асыру үшін жергілікті атқарушы органдармен, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, ішкі істер, әділет, мәдениет және ақпарат, туризм және спорт органдарымен, үкіметтік емес ұйымдармен, өзге де ұйымдармен және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау;
  • Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын жүзеге асыруға, олардың заңды мүдделерін қорғауға, халықтың құқықтық және әлеуметтік қорғалу деңгейін арттыруға жәрдемдесетін өзге де қызметті жүзеге асыру.

Орталықтарда қызметтер (бөлімдер) ұйымдастырылады:

  • кеңес беру және кешенді сүйемелдеу қызметі (бөлімі);
  • әдістеме және ақпараттық-ағарту жұмысы қызметі (бөлімі).

Кеңес беру және кешенді сүйемелдеу қызметі (бөлімі) консультациялық көмекті жүзеге асырады, бағалау жүргізеді және адамның (отбасының) мемлекеттік қолдау шараларына мұқтаждығын айқындайды;

  1. Өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) қамту жөніндегі жұмысты ерте анықтау және үйлестіру жөніндегі мобильді топтардың жұмысын ұйымдастырады, өз құзыреті шегінде өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарға (отбасыларға) жан-жақты қолдау көрсету жөніндегі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жұмысын үйлестіреді;
  2. Тұрмыстық зорлық-зомбылық белгілері бар адамдардың уақытша тұруын ұйымдастырады.

Әдістеме және ақпараттық-ағарту жұмысы қызметі (бөлімі) отбасын нығайтуға, оның ішінде отбасын құруға, адамдарды (отбасыларды) мемлекеттік қолдау шаралары туралы халықтың хабардарлығын арттыруға, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған халық арасында оқыту және ағарту іс-шараларын жүргізуді жүзеге асырады;

Аналитикалық жазбалар мен есептер жасайды, адамдарға (отбасыларға) көрсетілетін көмек пен қолдаудың тиімділігіне мониторинг жүргізеді.

Орталықтың қызметтері (бөлімдері) өз құзыреті шегінде жергілікті атқарушы органдармен, ұйымдармен, еріктілермен, консультативтік-кеңесші органдармен өзара іс-қимыл жасайды.

Орталықтар барлық жүгінген адамдарға (отбасыларға) ерікті негізде көмек көрсетуге және жан-жақты қолдау көрсетуге жәрдемдеседі.

Адамдарға (отбасыларға) көмек көрсету және жан-жақты қолдау көрсету:

  • адамдардың (отбасылардың) өздері жүгінген кезде;
  • отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша "111" байланыс орталығына жүгінген кезде;
  • мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтер негізінде;
  • өмірде қиын жағдайға тап болған адамдар (отбасылар) туралы ақпаратты мемлекеттік органдардан, консультативтік-кеңесші, алқалы органдардан, ұйымдардан және жеке тұлғалардан алған кезде;
  • бұқаралық ақпарат құралдарынан, әлеуметтік желілерден алынған ақпарат негізінде жүзеге асырылады.

Адамдардың (отбасылардың) өтініші және түлғалар (отбасылар) туралы ақпарат электрондық журналда тіркеледі.

Адамдардың (отбасының) қажеттіліктеріне қарай:

  • кеңес беріледі және/немесе ақпарат бір жұмыс күні ішінде тиісті ұйымдарға қайта жіберіледі;
  • өмірде қиын жағдайды айқындау және ден қою шараларын әзірлеу үшін адамды (отбасын) үш жұмыс күні ішінде, ал өміріне және денсаулығына қауіп төнген кезде дереу ден қою шараларын тағайындай отырып, бір жұмыс күні ішінде бастапқы бағалау;
  • өмірде қиын жағдайдағы ретінде бастапқы бағалау қорытындылары бойынша айқындалған адамдар (отбасылар) үшін жеке жұмыс жоспарын жасау үшін қажеттіліктерді бағалау.

Жеке жұмыс жоспары бір жылдан аспайтын мерзімге жасалады. Отбасымен бірге жеке жоспар әзірлеуге қажет болған жағдайда заңгерлерді, психологтарды, әлеуметтік педагогтарды, медицина қызметкерлерін, әлеуметтік қызметкерлерді, жергілікті полиция қызметтерінің қызметкерлерін, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін қоса алғанда, тиісті мамандар тартылады.

Жеке жұмыс жоспарының іс-шаралары мемлекеттік органдардың құзыреті шегінде мемлекеттік қолдаудың әрбір түрі, адамның (отбасының) өзінің өмірде жағдайын жақсартуға белсенді қатысу шаралары бойынша бөлек көрсетіледі. Әрбір аталған іс-шарада іске асыру мерзімдері қамтылады.

Жеке жұмыс жоспарының іс-шараларын іске асыруды тоқтату үшін негіз болып табылады:

  • адам (отбасы) және мемлекеттік органдар мен ұйымдар жеке жұмыс жоспарының іс-шараларын орындауы;
  • өмірде қиын жағдайға тап болған адамдардың (отбасылардың) одан әрі сүйемелдеуден бас тартуы;
  • өмірде қиын жағдайға тап болған адамдардың (отбасының) жеке жұмыс жоспарының іс-шараларын орындамауы;
  • жеке сипаттағы өзге де объективті расталған негіздер.

Сүйемелдеуді жабу туралы қабылданған шешімнің нәтижелері өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарға (отбасыларға) жазбаша түрде жеткізіледі.

Өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) сүйемелдеу аяқталғаннан кейін жағдайдың қайта басталуына немесе нашарлауына жол бермеу мақсатында нақты жағдайға байланысты 3 айдан 6 айға дейін жағдайға мониторинг жүргізіледі.

Жағдай нашарлаған кезде өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) сүйемелдеу қайта басталады.

Өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) сүйемелдеу бойынша жүргізілген іс-шаралардың тиімділігін бағалау мақсатында орталықтар тоқсан сайын қорытынды мониторинг жүргізеді.

Жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша кемшіліктер тізбесін (бар болса) және оларды жою жөніндегі ұсыныстарды қоса алғанда, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру үшін ұсынымдармен орталықтар қызметінің тиімділігі туралы қорытынды жасалады.

Мобильді топтар:

Орталықтар өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) ерте анықтау және қолдау көрсетуді ұйымдастыру бойынша мобильді топтардың жұмысын ұйымдастырады.

Өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) ерте анықтау және қолдау көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі мобильдік топтардың құрамына әлеуметтік қорғау және халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың үйлестіруімен өз құзыреті шегінде білім беру, денсаулық сақтау, ішкі істер органдарының өкілдері кіреді. Мобильді топтардың құрамы аудан әкімінің, қала ауданының әкімінің өкімімен бір күнтізбелік жыл мерзімге бекітіледі.

Адамның (отбасының) өмірі мен денсаулығына тікелей қатер туралы ақпарат түскен кезде орталықтар өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарға (отбасыларға) жедел ден қою шараларын әзірлеу үшін ерте анықтау және қолдау көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі мобильді топтарды тартады. Ден қою шаралары жоспарында оларды іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар, ұйымдар жан-жақты қолдау шаралары айқындалады.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық белгілері бар адамдарға қолдау көрсету тәртібі

Орталықтарға жүгінген тұрмыстық зорлық-зомбылық белгілері бар адамдарға мынадай қолдау шаралары көрсетіледі:

  • ақпараттық, заңгерлік, психологиялық көмек көрсету;
  • жұмысқа орналасуға, кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға көмек көрсету;
  • тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға жәрдемдесу;
  • мемлекеттік қолдау шаралары мәселелері бойынша консультациялар беру;
  • қажет болған жағдайда бір айға дейінгі мерзімге уақытша тұруды ұсыну.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық белгілері бар адамдарды сәйкестендіру қажет болған кезде Орталық екі жұмыс күні ішінде адамды тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін тиісті ұйымдарға жібереді.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық белгілері бар адамдарға уақытша тұру бюджет қаражаты есебінен, аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар уәкілетті органдарының, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдардың, адамның (отбасының) нақты орналасқан жері бойынша ішкі істер органдарының жолдамасы негізінде, сондай-ақ адамның тікелей орталықтарға жеке өтініші бойынша жүзеге асырылады.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық белгілері бар адамдардың уақытша тұруы Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, сәулет, құрылыс қызметін, тұрғын үй қатынастарын және коммуналдық шаруашылықты реттеу саласындағы заңнамасының талаптарын сақтай отырып жүзеге асырылады.

Кәмелетке толмаған балалары бар адамдар жүгінген кезде орталықтарға қабылдау олармен бірге жүзеге асырылады, бұл туралы орталықтар жиырма төрт сағат ішінде құқық қорғау органдары мен қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдарға жазбаша хабарлайды. 

Құжат 14 маусымға дейін ашық талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында орналастырылған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: