Қазақстан күнтізбесіне Аналар күні мен Әкелер күні енгізіледі
![Әкелер күні, Аналар күні, мереке, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.03.2023 16:35](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-54a23690-5388-427d-b995-14ad407f8ceb/800x450.webp)
- Аналар күні – мамырдың екінші жексенбісі;
- Әкелер күні – маусымның үшінші жексенбісі.
Түсіндірме құжатта Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесіне "Аналар күні" мен "Әкелер күні" мерекелерін енгізу Қазақстан Республикасында отбасылық құндылықтарды ілгерілетуге, отбасы институтын нығайтуға, сондай-ақ әкелер институтын дамытуға ықпал ететіні жазылған.
2022 жылғы 14 желтоқсанда өткен "Отбасы – Ұлт тірегі" VII Республикалық әкелер форумында БҰҰ құрылымдарымен (ЮНФПА, ЮНЕСКО), орталық және жергілікті мемлекеттік органдармен, ҚХА жанындағы Аналар кеңесімен және "Әкелер одағы" республикалық қоғамдық бірлестігімен алдын-ала келісім бойынша мерекелеу мерзімін халықаралық бекітілген күндерге сәйкес "Аналар күні" мерекесін мамыр айының екінші жексенбісінде, "Әкелер күні" мерекесін маусымның үшінші жексенбісінде ауқымды түрде атап өту ұсынылады.
Құжат 5 сәуірге дейін талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.