Елімізде Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлер күні белгіленді
Сурет: pixabay
Үкімет қаулысымен Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесіне толықтыру енгізіліп, Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлер күні 15 сәуір деп белгіленді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құжатқа түсіндірмеде қаулы жобасын іске асыру қаржылық шығындарды қажет етпейтіні жазылған.
"Бүгінгі күні мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы қызметкерлерде кәсіби мерекені атап өту мүмкіндігі жоқ және осындай мереке болмағандықтан, олар бірыңғай кәсіби қоғамдастық саласына өздерінің тиістілігін сезінбейді. Аталған кәсіби мерекені тізімге енгізу кәсіби қоғамдастықтың бірыңғай саласына жататынын сезінуге мүмкіндік беріп, корпоративтік мәдениеттің одан әрі дамуына ықпал етеді", – делінген хабарламада.
Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің еңбек ұжымы, республика бойынша шалғай аудандарды қоса алғанда, облыстар, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында жұмыс істейді және мұндай қызметкерлердің жалпы саны 20 мыңнан асады.
Қаулы жобасы 1 наурызға дейін талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript