Алматыда заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырған 27 азамат анықталды

Алматыда заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырған 27 азамат анықталды , сурет - Zakon.kz жаңалық 05.06.2024 10:35 Сурет: ҚР ІІМ
Алматыда Өзбекстанның 27 азаматы заңсыз жұмыс істеген. Оларды полиция қызметкерлері "Заңсыз келуші" республикалық жедел алдын алу іс-шарасы барысында анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мақсат – заңсыз жүрген шетелдіктерді анықтау, сондай-ақ заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу. Іс-шара аясында Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзған Өзбекстанның 27 азаматы ұсталды.

Тексеру кезінде 9 шетелдіктің жеке басын куәландыратын құжаттары болмады.

"Олар ПД-ның қабылдап-таратуына орналастырылды. Әрбір құқық бұзушының жеке басын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр", – деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасы бастығының орынбасары Геннадий Мен.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: