Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда енді улану және кәсіптік аурулар жағдайлары жіті зерттелетін болады

Қазақстанда енді улану және кәсіптік аурулар жағдайлары жіті зерттелетін болады, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.06.2024 12:30 Сурет: primeminister.kz
Денсаулық сақтау министрлігі "халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тергеу жүргізу тәртібін бекіту туралы" бұйрықтың жобасын дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осы Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тергеп-тексеру жүргізу тәртібі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тергеп-тексеруді ұйымдастыру және жүргізу, оның ішінде инфекциялық, паразиттік ауруларға және улануларға тергеп-тексеру жүргізу ерекшеліктері, иммундаудан кейінгі қолайсыз салдарлар, кәсіптік аурулар және уланулар, бақылау мақсатында сатып алу қорытындылары бойынша тергеп-тексеру нәтижелерін рәсімдеу тәртібі, тергеп-тексеру жүзеге асыру кезінде бақылау және қадағалау органдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану, сондай-ақ тергеп-тергеу жүргізілетін жағдайлардың тізбесін айқындайды.

Қандай жағдайлар бойынша тергеулер жүргізілетін болады:

  • сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келмеуі;
  • радиациялық қауіпсіздік жөніндегі талаптарды сақтамау;
  • медициналық ұйымдарда және оларды жинау, тасымалдау, сақтау, залалсыздандыру, пайдалану және кәдеге жарату бойынша қызметтер көрсететін объектілерде медициналық қалдықтармен жұмыс істеу қағидаларын сақтамау;
  • ұйымдастырылған ұжымдарда тамақтануды ұйымдастыруға, тұру жағдайларына қойылатын талаптарды сақтамау;
  • жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымдар мен көлік құралдарына (автомобиль, теміржол, су, әуе) қойылатын талаптарды сақтамау;
  • жуу, дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдарын пайдалануға, қолдануға және сақтауға, зарарсыздандыруды, дезинфекциялауды, дезинсекциялауды және дератизациялауды ұйымдастыру мен жүргізуге қойылатын талаптарды сақтамау;
  • санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға және қадағалауға жататын объектілерде иондамайтын сәулелену параметрлерінің және физикалық факторлардың гигиеналық нормативтерінің талаптарына сәйкес келмеуі;
  • иммунизациядан кейінгі қолайсыз көріністер, соның ішінде олардан қайтыс болу;
  • жұқпалы, паразиттік аурулар және (немесе) улану, оның ішінде олардан өлім.

Бұдан басқа, тергеп-тексеру мемлекеттік органдардан немесе денсаулық сақтау объектілерінен ақпарат немесе шұғыл хабарлама бойынша мынадай жағдайларда жүргізіледі:

  • иммунизациядан кейінгі қолайсыз көріністер, соның ішінде олардан қайтыс болу;
  • инфекциялық, паразиттік аурулар және (немесе) улану, оның ішінде олардан қайтыс болу;
  • потенциалды қауіпті химиялық және биологиялық заттарды (оның ішінде улы, радиоактивті, биологиялық және химиялық заттарды, яд мен улы заттарды, биологиялық және микробиологиялық организмдер мен олардың токсиндерін, биологиялық құралдар мен материалдарды)қолдану және пайдалану кезінде улану;
  • кәсіби қызметпен байланысты емес жедел сәулелік ауру, оның ішінде одан болатын өлім;
  • жіті немесе созылмалы кәсіптік ауруларды және (немесе) улануларды, оның ішінде олардан өлімді анықтау (күдік).

Тексерулер өнімді зерттеу нәтижелері бойынша жүргізіледі:

  • нормалау құжаттарына, стандарттау жөніндегі құжаттарға және (немесе) дайындаушының техникалық құжаттамасына сәйкес өнімнің (тауарлардың) жарамдылық мерзімі немесе дайындалған күні белгіленбеген өнімді анықтау;
  • осы өнімнің атауы, мақсаты, құрамы, сақтау және қолдану шарттары бөлігінде мемлекеттік және орыс тілдерінде өнімді таңбалаудың болмауы;
  • халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормалау құжаттарында көзделген қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша өнімді (тауарларды) зертханалық зерттеу нәтижелерінің сәйкес келмеуі;
  • оның өндіруші таңбалауда көрсеткен ақпаратқа сәйкес келмеуі;
  • дайын тамақ өнімдерімен жанасуға арналмаған қаптамадағы тамақ өнімдерін анықтау.

Осы ретпен тағы да бірқатар тексерулер жүргізіледі. Құжаттың толық нұсқасын оқи отырып, әрі оны  қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтына орналастырылған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: