Қарағанды облысында ауыл тұрғынынан қару мен оқ-дәрілер тәркіленді

Заң бұзған адам жауапқа тартылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.06.2024 13:19 Сурет: ҚР ІІМ
Қарағанды облысы Қарқаралы ауданына қарасты ауылдардың бірінде криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген "Құқықтық тәртіп" іс-шарасының нәтижесінде 54 жастағы ауыл тұрғынынан заңсыз сақталған, тіркелмеген қарулар мен оқ-дәрілер тәркіленді.

Тінту барысында екі қару, газ револьвері, 580 дана әртүрлі калибрлі оқ-дәрі, жеті жарылғыш пакеті тәркіленді.

Сондай-ақ тәртіп сақшылары күдіктінің үйінен үш қағаз қорапқа оралған қою жасыл түсті зат тәркіленді.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптамалар тағайындалды.

Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: