Бельгияда фермерлер ереуілге шықты
2 мыңға жуық адам 500 трактормен қаланың орталығына өтпек болған. Бірақ, полиция қызметкерлері шеруді шаһар сыртындағы "Атомиум"маңында өткізуге ғана рұқсат етті, деп жазады qazaqstan.tv.
"Мен Францияда сүт өндірірушімен. Біз шығынға әбден баттық. Биліктегілер басқа елдердің өнімдерін сатып алуды тоқтатып, бізді қолдасын. Өзге елдердің фермерлері Еуропалық стандартты сақтамайды." Кристиан Конверэ, Франциялық фермер
Шаруалар ЕуроОдақтың "еркін сауда" туралы келісіміне қарсы. Себебі, соңғы он жылда Еуропада 4 млн шаруа қожалығы дағдарысқа төтеп бере алмай жабылған. Фермерлер ЕуроОдақ басшыларынан ауылшаруашылығы саласын қолдауды, шығындарды өтеуді талап етуде. Сондай-ақ, олар биліктегілердің "Green deal"деп аталатын қоршаған ортаны қорғауға бағытталған жоспарына қарсы.
"Green deal"жоспары фермерлерді тұншықтыруға бағытталған. Шөп өсіруге, егінімізді қорғауға қажетті тыңайтқышты қолдануға тиым салды. Суды пайдалануға қатысты шектеу көп. Онсызда климаттың өзгеруінің зардабын тартып отқанда, бұл бағдарлама жығылғанға жұдырық болды. Хендрик Фондамэ, Фландрия фермерлер ұйымының президенті
Бұл жолы наразылық бейбіт түрде аяқталды. Шаруалар осы жексенбіде өтетін Еуропарламент сайлауынан үлкен үміт күтеді. Талап-тілектері ескерілмей, биліктегілер құрғақ уәдемен қатыратын болса, онда күзде ереуілдерді күшейтетіндерін айтады.