5 маусымдағы саудада доллардың қымбаттауы жалғасуда
Сурет: freepik
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-да доллардың орташа сараланған бағамы тағы 0,50 теңгеге көтеріліп, 448,64 теңгені құрағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да көтеріліп, 61,87 теңгеге (+0,26) жетті.
Ұлттық банк еуро бағамын 486,81 теңге, рубльді 5,05 теңге деп бекітті.
Ақша айырбастау орындарында доллар 449,3-450,9 теңгеге, еуро 487-491 теңгеге, ресей рублі 4,97-5,05 теңгеге сатылуда.
Ал 5 маусымдағы аукционда әлемдік мұнай бағасы көтеріліп жатыр.
Осылайша, ICE Futures электронды саудасында тамыз айындағы Brent фьючерстерінің құны 0,31%-ға өсіп, барреліне $77,76 құрады.
NYMEX электрондық саудасында WTI маркалы мұнайдың шілде айындағы фьючерстері 0,30%-ға өсіп, барреліне 73,47 долларды құрады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript