Жаңалықтар тізбегі
0

10 мыңға жуық сайттар мен қаржы пирамидаларының белгілері бар аккаунттар бұғатталды

10 мыңға жуық сайттар мен қаржы пирамидаларының белгілері бар аккаунттар бұғатталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.06.2024 16:48 Сурет: freepik
Астанада 2024 жылғы 5 маусымда «АФМ online» конференциясы өтті. Ауқымды іс-шара қаржы пирамидаларын тану және халықтың қаржылық сауаттылығын арттырудың басқа да мәселелеріне арналған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство нақтылағандай, жиынның мақсаты: жастардың қаржылық сауаттылығын арттыру және блогосферада дұрыс Құқықтық ақпараттық цифрлық мәдениетті қалыптастыру.

Агенттік Төрағасы Дмитрий Малахов өзінің құттықтау сөзінде "АФМ online"-ның негізгі міндеті – жас ұрпаққа қаржылық сауаттылық негіздерін түсіндіру екенін атап өтті.

"2021 жылдан бастап біз қаржы пирамидаларының өмірлік циклін және олардың салымшыларының санын қысқартуға бағытталған арнайы жоба жүргізіп келеміз. Яғни, біз олардың жұмысын бастапқы кезеңінде, халық арасына тарамай тұрып, тоқтату үшін жұмыс істеп жатырмыз", - деді Д.Малахов.

Бүгінгі таңда Агенттік интернетте заңсыз мазмұнды контентті іздеуді және бұғаттауды автоматтандырды.

Қазірдің өзінде 10 мыңға жуық сайттар мен қаржы пирамидаларының белгілері бар аккаунттар бұғатталған.

Бұдан басқа, атаулы жұмысты жүргізу үшін әлеуметтік желілер арқылы алаяқтық схемаларға тартылған салымшыларды ерте анықтау жүйесі жолға қойылған.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде бүгінгі таңда 126 мың жазылушы алаяқтық схемаларды жарнамалайтын аккаунттардан бас тартты.

Іс-шара барысында ЖОО студенттері үшін әртүрлі алаяқтық схемалардың алдын алуға бағытталған үздік бейнероликке конкурс жарияланды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: