Жаңалықтар тізбегі
0

Шегіртке шынымен халал өнім бе

Шегіртке шынымен халал өнім бе, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.06.2024 14:32 Сурет: unsplash
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің сөзінен кейін шегірткенің халал өнім екендігі туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың 5 маусымында мәжіліс аясында Серік Жұманғарин шегірткенің шапқыншылығы және оған қарсы күрес туралы айтқан болатын. Сөз арасында, Премьер-Министрдің орынбасары кейбір елдер "оны өндіруді және одан керемет ақуыз тағамдарын дайындауды үйренді" деп мәлімдеді. Сонымен қатар, шегірткенің шын мәнінде халал өнім екендігін атап өтті.

Осыған байланысты Factcheck.kz редакциясы шегірткенің халал өнім екендігі рас па, жоқ па, соны анықтау үшін, Қазақстан мұсылмандар діни басқармасына жүгінген.

"Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Елбек Тасболатұлы Factcheck.kz-пен телефон арқылы сөйлесті. Ол шариғат бойынша шегіртке шынымен халал болып саналатындығын айтты. Оның айтуынша, ҚМДБ ұстанатын ханафи масхабында, Мұхаммед пайғамбардың хадистерінің бірінде "өліктің екі түрін" – балық пен шегірткені тұтынуға рұқсат етілгені айтылған", – делінген ақпаратта.

Елбек Тасболатұлы "халал мәртебе" өнімнің тұтынуға міндетті екенін білдірмейтінін атап өтті. Аймақтың мәдени ерекшеліктеріне байланысты шегірткелерді өз қалауыңыз бойынша жеуге болады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: