Ақтөбе облысында аудандық аурухананың дәрігері алаяққа алданып қалды

Ақтөбе облысында аудандық аурухананың дәрігері алаяққа алданып қалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.06.2024 17:47 Сурет: Zakon.kz
Полицияға Ақтөбе облысының аудандық ауруханаларының бірінің тіс дәрігері арызданды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дәрігердің айтуынша, көзтаныс әйел мемлекеттік қордан өтеусіз несие алуға және көпбалалы отбасы ретінде пәтер алуға көмек көрсететінін айтып, оның 2 млн теңге сомасындағы ақшасын иеленген.

Жәбірленуші ақшаны терминал арқылы аударған. Полиция қызметкерлері осы қылмысты жасады деген күдікпен 46 жастағы әйелді анықтап, полиция бөліміне жеткізді.

Алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: