Абай облысында суда екі адам құтқарылды

төтенше жағдайлар министрлігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.06.2024 20:15 Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Бүгін кешкі сағат 5 шамасында құтқару қызметіне Семей қ. Мирный ауданында екі ер адам гидроциклмен серуендеу кезінде Ертіс өзенінің ортасында қалып, қозғалтқышы істен шыққаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға орнына келген Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары құтқару арқанының көмегімен гидроциклді жағаға сүйреп апарып, 1985 және 1999 ж.т. ер адамдарды құтқарды.

Құтқарылғандарға медициналық көмек қажет болмады.


Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: