Әлемдік аренамен салыстырғанда Қазақстандағы мобильді интернет бағасы қандай деңгейде
Сурет: pixabay
Қазақстан арзан мобильді интернеті бар алғашқы ондыққа енді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 2024 жылғы 10 маусымда цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мәлімдеді.
"Internet Accessibility Index деректері бойынша, республика әлем елдері арасында ең төменгі мобильді интернет құны бойынша алтыншы орында - Қазақстандағы абоненттер 1 ГБ мобильді деректер үшін бар болғаны 0,6 АҚШ долларын төлейді",-деліншен ақпаратта.
Сондай-ақ, Қазақстан ТМД аймағында Интернетті пайдалану деңгейі бойынша бірінші орында тұр - ел халқының 95,7%-ы жаһандық желіге қолжетімділігі бар.
2027 жылдың соңына дейін Қазақстанның барлық ауылы сапалы интернетке қосылады. Бұл туралы 2 мамырда Сенаттың жалпы отырысы кезінде цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің орынбасары Асхат Оразбек хабарлады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript