Алматы облысында "Атлетико Мадрид" футбол академиясы ашылады

 Алматы облысында "Атлетико Мадрид" футбол академиясы ашылады, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.06.2024 17:08 Сурет: akorda.kz
Алматы облысында "Атлетико Мадрид" футбол академиясы ашылады. Бұл туралы бүгін Ақордада Қасым-Жомарт Тоқаев пен клубтың президенті Энрике Сересо Торрестің кездесуінде белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Энрике Сересо Торрес "Атлетико Мадрид" футбол академиясы әлемнің көптеген елінде ашылғанын айтты.

"Академияда дарынды футболшыларды тәрбиелеумен қатар, оларды әлемдік футбол лигаларына шығару үшін үздік тәжірибелерді енгізуге, жаттықтырушылар мен тәлімгерлердің білігін арттыруға мән беріледі", - делінген хабарламада.

"Атлетико Мадрид" футбол академиясы Алматы облысы Талғар қаласындағы Akbulak олимпиада орталығының базасында құрылмақ.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Атлетико Мадрид" ойыншыларының қолтаңбасы қойылған жейдені сыйлыққа алды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: