Тоқаев "Атлетико Мадрид" футбол клубының президентін қабылдады
Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Атлетико Мадрид" футбол клубының президенті Энрике Сересо Торресті қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақорданың хабарлауынша, Президентке елімізде "Атлетико Мадрид" футбол академиясын ашу жобасы таныстырылды.
Қасым-Жомарт Тоқаев испаниялық клубтың футбол әлеміндегі беделі зор екенін атап өтіп, Қазақстанда спорттың осы түрін дамытуға және тәжірибе алмасуға қызығушылық танытқаны үшін Энрике Сересо Торреске алғыс білдірді.
Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстанда футболды дамытуға айрықша назар аударылады. Қазір еліміздегі спорт мектептерінде, футбол секцияларында 40 мыңға жуық бала жаттығады. Сондай-ақ инфрақұрылым жақсартылып, жаңа стадиондар салынып жатыр.
Қасым-Жомарт Тоқаев футболды дамытуға бағытталған бұл бастамаға мемлекет жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін айтты.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript