"Отандастар" қорының президенті Ұлттық құрылтайдың мүшесі болды

Құрылтай құрамына өзгеріс еңгізілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.06.2024 11:20 Сурет: 24.kz
Ұлттық құрылтай құрамында ротация жасалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың 12 маусым күні берген ақпаратына сай, Ұлттық құрылтайдың жұмысына жұртшылықтың жаңа өкілдері – "Әділ сөз" сөз бостандығын қорғау халықаралық қорының президенті Қарлығаш Жаманқұлова, "Отандастар" қорының президенті Данияр Қадыров, "Время" қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы Лев Тараков қосылды.

Ұлттық құрылтай құрамынан А.Қашқынбеков, Д.Кривошеев, А.Сапарбекұлы шығарылды.

Ұлттық Құрылтайдың құрамына соңғы өзгерістер 2024 жылдың қаңтарында енгізілген.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: