Жаңалықтар тізбегі
0

Смайылов жалпы пайдаланымдағы жолдармен ауыр жүк көліктерінің жүруіне тыйым салуды ұсынды

Смайылов жалпы пайдаланымдағы жолдармен ауыр жүк көліктерінің жүруіне тыйым салуды ұсынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.06.2024 13:17 Сурет: pixabay
2024 жылғы 12 маусымдағы Мәжілістің жалпы отырысында Жоғарғы есеп палатасының төрағасы Әлихан Смайылов жолдардың бұзылуына ықпал ететін негізгі фактор ауыр жүк көліктерінің рұқсат етілген салмақты бұзып өтуі екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлихан Смайылов депутаттарды автомобиль өнеркәсібіне жүргізген аудитінің қорытындысымен таныстырды.

"Шұғыл шешуді талап ететін елеулі жүйелік кемшіліктер анықталды, жалпы алғанда, соңғы төрт жылда автомобиль жолдарын салуға, қайта жаңартуға және күтіп ұстауға 1,9 триллион теңгеге жуық қаражат бөлінді. Аудит бойынша жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы республикалық маңызы бар жолдардың үлесі небәрі 72 пайызды құрайды.Жолдардың бұзылуына ықпал ететін негізгі фактор ауыр жүк көліктерінің рұқсат етілген салмақты бұзып өтуі болып табылады. Тасымалдау процесіне жекелеген қатысушылардың мүдделерін лоббирлеу және мемлекеттік органдардың принципті ұстанымының жоқтығынан бұл мәселе көп жылдар бойы бар және шешімін таппай келеді", - деді ол.

Оның айтуынша, автоматтандырылған өлшеу стансалары анықтаған бұзушылықтар қате жазылады.

"Бізге жалпы пайдаланымдағы жолдармен ауыр жүк көліктерінің жүруіне үзілді-кесілді тыйым салу және мемлекетке келтірілген залал үшін жауапкершілікті күшейту қажет", - деп атап өтті УПА басшысы.

Бұған дейін Мәжілісте Жоғарғы есеп палатасының төрағасы Әлихан Смайылов ҚТЖ-ның қаржылық жағдайы туралы айтқан болатын. Оның айтуынша, компания несиелік тәуекелдің "қызыл" аймағында.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: