Астанаға Тайландтан есірткі салынған сәлемдеме жетті

Заң бұзған адам жауапқа тартылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.06.2024 10:46 Сурет: Zakon.kz
Тайландтан халық тұтынатын тауарлары түріндегі почта сәлемдемелері арқылы аса ірі мөлшерде есірткі заттарын жеткізу фактісін Қаржылық мониторинг агенттігі "Әуежай-Астана" кеден бекеті мен "DHL" курьерлік компаниясының қызметкерлерімен бірлесіп тоқтатты.

ҚМА Астана қаласы бойынша Департаментінің қызметкерлері қызметтік-іздестіру итінің көмегімен "DHL" уақытша сақтау қоймасын тексеру кезінде кедендік бақылау аймағында халықаралық почта жөнелтімдерінен 3 қорап табылды, олардың ішінде жалпы салмағы 3,5 кг каннабис сығындысы (гашиш майы) табылды.

Жедел-тергеу іс – шаралары барысында төрт күдікті анықталды, олардың тұрғылықты жері бойынша тінту жүргізілді, онда салмағы 787 гр марихуана және есірткі заттарын өлшеп-орау үшін қажетті басқа да заттар табылып, тәркіленді.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

4 күдіктіге қатысты "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.

ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілуге жатпайды.

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: