Жаңалықтар тізбегі
0

Қостанай полицейлері виртуалды нөмірлерді сатқан алып-сатарды ұстады

Қостанай полицейлері виртуалды нөмірлерді сатқан алып-сатарды ұстады  , сурет - Zakon.kz жаңалық 13.06.2024 12:49 Сурет: pexels
Қазіргі уақытта қозғалған іс шеңберінде абоненттік құрылғының сәйкестендіру кодын өзгерту үшін бағдарламаларды заңсыз құру, пайдалану, тарату фактісі тексеріліп жатыр.

Бұл құқық бұзушылық үшін жарты миллион теңгеден астам ірі айыппұл немесе қырық тәулікке дейін қамауға алу көзделген. Cyberpol бөлімшесінің бастығы Олжас Магыпаров оқиғаның мән-жайын айтып берді. 40 жастағы қостанайлық simbox көмегімен абоненттік нөмірлерді қосумен айналысқан.

Бұл құрылғы қаскөйлердің өздерінің қылмыстық схемаларында қолдана алатын SIM карталарын виртуалды тіркеуге арналған. Оған бір мезетте 64 sim картаны қоюға және оларды виртуалды нөмірлерді сататын әртүрлі интернет-сайттарда қосуға болады.

Мысалы алынған бокстардың бірінен абоненттік нөмір бойынша сәйкестік анықталды. Оған алаяқтар WhatsApp-ты тіркеп, өздерің мемлекеттік қызметші ретінде таныстыра отырып, одан әрі адамдарға қоңырау шалған.

Қостанайлық 300-350 теңгеден бастап sim карталарды көтерме бағада сатып алып, олар simbox арқылы іске қосылғаннан кейін бірнеше рет интернетте қайта сатып отырған. Ол абоненттік нөмірлерді сату сайттарының бірінде сатушы ретінде тіркелгені және осы нөмірлерді пайдалану құқығын ақшалай сыйақы үшін әкімшіге бергені анықталды.

Барлығы оның 9 құрылғысы, 3 ноутбукі және 1500 sim карта тәркіленді. Ведомстводағылар тұрғындарды өздерінің жеке банктік шоттарын, карталарын және ЖК деректемелерін үшінші тұлғаларға сатпауға шақырады. Оларды алаяқтар жеке мақсатта пайдалана алады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: