Ақтөбе облысының тұрғыны Pinduoduo сайтынан тауар алдыртамын деп төрт адамды алдап кеткен
Сурет: polisia.kz
Полиция танымал сауда қосымшасының атын пайдаланып, азаматтарды алдаған алаяқты ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Ақтөбе облысының тұрғыны Instagram қосымшасында түрлі тауарларды сату және жеткізу бойынша "turkey_pinduoduo" деген атпен парақша ашып, бірнеше азаматты алдаған.
Оның айла-амалдарына үй тауарларын тиімді бағамен сатып алғысы келген 4 қазақстандық тап болды.
Мысалы шаңсорғыш сатып алғысы келген Өскемен қаласының тұрғыны күдіктімен хат алмасып, оған 70 мың теңге аударған. Алайда тауарды ала алмаған.
Полиция осы қылмысты жасады деген күдікпен 35 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript