Дмитрий Попко Словакиядағы турнирдің ширек финалына шықты

Дмитрий Попко Словакиядағы "Челленджердің" ширек финалына шықты, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.06.2024 17:42 Сурет: ktf.kz
Братиславада (Словакия) ATP Challenger санатындағы турнир өтіп жатыр. Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко (231 ATP) жекелей сында екінші айналымдағы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық теннисші хорватиялық Матей Додигті (328 ATP) 6:1, 6:4 есебімен ұтты.

Матч 1 сағат 7 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Дмитрий жеті рет эйс жасап, бірде-бір қос қателік жасамады және үш брейк-пойнттың үшеуін де (100%) сәтті пайдаланды.

Попконың ширек финалдағы қарсыласы әлі анықталған жоқ.

Дмитрий Попко жұптық сында украиналық спортшы Виталий Сачкомен бірге бірінші айналымда Денис Молчанов (Украина) / Филипп Освальд (Аустрия) дуэтінен 6:7, 6:7 есебімен жеңілді.


Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: