Алматы әуежайы жаңа жұмыс форматына көшті
Комитет 2024 жылдың 1 маусымынан бастап қазіргі уақытқа дейін жаңа терминалдан барлығы 310 халықаралық рейс орындалғанын атап өтті.
2024 жылғы 13 маусым сағат 23.13-тен бастап Алматы әуежайына барлық халықаралық рейстердің ұшуы жаңа терминалда (Т2) жүзеге асырылады. 14.06.2024 ж. сағат 01.00-ден бастап барлық халықаралық рейстердің Алматы әуежайының жаңа терминалынан ұшуға толық көшуі жүзеге асырылды.
Бүгінгі таңда жаңа терминал 33 әуе компанияға қызмет көрсетеді.
"Оның ішінде үш қазақстандық тасымалдаушы – Air Astana, Scat, FlyArystan әуе компаниялары және Uzbekistan Airways, Azerbaijan Airlines, Pegasus Airlines, Somon Air, Wizz Air, Vietjet, Red Wings, IndiGo, Loong Air, Rossiya, Jazeera Airways, Salam Air, Air Arabia, Red Sea Airlines, Air Cairo, Hunnu Air, Azimuth Aero, Yakutia Airlines, Qeshm Air, Air Asia, S7 airlines, FlyNas, Neos Airlines, China Southern Airlines, Qatar Airways, Lufthansa, Flydubai, Turkish Airlines, Asiana Airlines, Aeroflot сияқты 30 Халықаралық әуе компаниялар." Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті
Бұрынғы терминалда (Т1) барлық ішкі бағыттар бойынша Air Astana, Scat, FlyArystan, Qazaq air және Южное небо әуе компанияларының рейстері жүзеге асырылады.
Алматы әуежайының жолаушылары мен қонақтарының жайлылығы мен ыңғайлылығын қамтамасыз ету үшін Т1 терминалын қайта жаңарту және тұрақ аймағын ұлғайту мақсатында жөндеу-құрылыс жұмыстары басталды.