Қонаевта ұлыбританиялық 20 турист отырған автобус құмға батып қалды

Алматы облысының Қонаев қаласында демалыс аймағының жанында ішінде 20 адам бар автобус құмға батып қалған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Олардың бәрі - Ұлыбританиядан келген туристер.
Шақыру орнына келген құтқарушылар автокөлікті автожолдың тазартылған учаскесіне сүйреп шығарды.
Зардап шеккендер жоқ. Медициналық көмек қажет болмады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript