Павлодарда нан сататын дүңгіршекте егеуқұйрық өріп жүрген: иесіне айыппұл салынды

Павлодарда нан сататын дүңгіршекте егеуқұйрық өріп жүр: иесіне айыппұл салынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.06.2024 13:52 Сурет: Zakon.kz
4 маусымда қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына Назарбаев көшесі бойында тұрған "Тандырный дворик" дүңгіршегіндегі нан-тоқаш өнімдерінің үстінен егеуқұйрық жүгіріп жүргені туралы шағым түсті, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

 Басқарма қызметкерлері жоспардан тыс тексеріс үшін кәсіпкерлік нысанға барды.

"Тамақ өнімдерін сақтау және өткізу кезінде санитарлық нормалардың бұзылуы анықталды", - деп хабарлады басқарма.

Жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 425-бабының 1-бөлігіне және 463-бабының 1-бөлігіне сәйкес жеке кәсіпкерге қатысты шаралар қабылданды.

Ол  250 АЕК мөлшерінде айыппұл төлеп, бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы орындау керек. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: