Ұлы Абайдың әкесі Құнанбай Өскенбайұлының 220 жылдық мерейтойы атап өтілді
Сурет: Абай облысының әкімдігі
Биыл үш жүзге аты мәлім болған, ұлы Абайдың әкесі, қажы, "Дала данышпаны" атанған қайраткер, аға сұлтан Құнанбай Өскенбайұлының туғанына 220 жыл, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мерейтойға орай Абай жұртшылығының бастамасымен, іскер азаматтар қаржылық қолдау жасап, Қарауылда Құнанбай қажы мешіті салынып, сәулетті ескерткіш тұрғызылды. Бүгінде қасиетті Абай елінде Құнанбай баба рухына айтулы ас берілуде.
Республикалық қөлөнершілер байқауы, ат бәйгесі мен ұлттық күрестен дүбірлі сайыстар ұйымдастырылуда. Қарауылда ақындар Құнанбайға арналған өлең-жырларын оқыса, көрнекті тарихшылар мен әдебиетшілер Семейде бас қосып, халықаралық деңгейде Құнанбайды барынша ұлықтауда.
"Бұл тойдың ерекшелігі – 500 баланың бір уақытта ашамайға отырып, жеңімпаздарға жүлде қорлары қазақы дәстүрмен "үйірімен үш тоғыз" болып берілуінде. Ендеше, осынау мерейлі күні қасиетті Абай елінде ұлылар рухына тағзым етіп, дала данышпаны Құнанбай бабаға құрмет пен қошемет көрсету – баршамыздың адамшылық борышымыз деп білеміз" - деді Абай облысы әкімінің орынбасары Әділбек Мұсабаев.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript