Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтіледі
Сурет: ortcom.kz
Биыл қазақ және балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл. Қаламгердің мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтпек, Zakon.kz Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.
Бердібек Соқпақбаевтың туған ауылы Нарынқолда еңселі ескерткіші бой көтереді. Сондай-ақ жазушының есімі бірқатар саябаққа, білім ошағы мен облыстық кітапханаға берілмек.
Шоқтығы биік қаламгер балалар мен жасөспірімдерге арналған 20-дан астам әңгіме, повесть, роман ұсынды. "Менің атым – Қожа", "Балалық шаққа саяхат", "Өлгендер қайтып келмейді" туындыларында өзі өмір сүрген заманның шынайы келбетін суреттеді.
Жазушының 100 жылдығына арналған алғашқы шара Алматы облысында бастау алды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript