Алматы метросында Бикен Римованың 100 жылдық мерейтойы аясында көрме өтті
Сурет: Instagram/bikenrimova_teatry
Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, актриса – Бикен Римованың туғанына 100 жыл мерейтойы аясында Талдықорған драма театры Алматы метросында жылжымалы көрме өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Көрмеге Бикен Римованың әр жылдары алған марапаттары, өзі қолданған заттары мен сахнаға киген костюмдері қойылған. Сондай-ақ театр және кинода сомдаған сүбелі рөлдерінен сыр шертетін жеке фотосуреті бар, делінеді Almaty.tv сюжетінде.
60 жылға жуық өмірін өнерге арнаған талантты актриса 170-тен астам рөлді сомдаған.
"Бүкіл өмірін, білгені мен түйгенін өнерге арнаған ардақты апамыз. Мінез-құлқы да, жүріс-тұрысы да, айтқан сөзі де, жазған жазуы да ұлтына, қазағына деген ұлы махаббатпен өрілген болатын. Біз көзін көрдік. Қасында жүрдік. Көр нәрсе үйрендік. Бұл кісінің салиқалы, сабырлы, бәйбішеге тән мінезі тәнті қылатын. Көрсең көзің тоятын асыл анамыз еді", – деді Қазақстанның Халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript