Жаңалықтар тізбегі
0

Шымкенттік кәсіпкер 24 млн теңге субсидияны алаяқтықпен алған

Шымкенттік кәсіпкер ауыл шаруашылығына бөлінген субсидияны алу үшін алаяқтық әрекетке барған., сурет - Zakon.kz жаңалық 17.06.2024 13:23 Сурет: Zakon.kz
Шымкенттік кәсіпкер ауыл шаруашылығына бөлінген субсидияны алу үшін алаяқтық әрекетке барған.

Ол сүттің бағасын арзандату туралы өтінімге жалған ақпараттар енгізіп, мемлекеттің 12 млн теңгесін қалтаға басты.

Оның мұндай қулығын қалалық прокуратура әшкереледі. Кәсіпкер сауылған сиыр сүтін өңдейтін кәсіпорындарға өткізуге міндетті болған.

Алайда сүтті цехтарға жібермей, әр литріне мемлекеттен 20 теңге қолдау қаржыны алып келіпті.

Ол осы алаяқтық әрекеті үшін қазір сот алдында жауап беріп жатыр.

Жалпы осындай тәсілмен Шымкентте бірнеше фермер субсидия қаржыны негізсіз алып келген.

Олардан 24 миллион теңге өндірілді. Осы іске қатысты әкімдіктің 6 қызметкері тәртіптік жаза алды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: