Алматыда әйелді қорғауға тырысқан ер адамды пышақтап, әмиянын алып кеткен
Сурет: polisia.kz
Алматы полициясы зейнеткерге шабуыл жасаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Іс материалдарынан белгілі болғандай, Қарасу ықшам ауданында әйелді қорғауға тырысқан егде жастағы ер адамды бейтаныс біреу пышақтап, әмиянын алып кеткен.
"Бірнеше күн бойы жансақтау бөлімінде ес-түссіз жатқан жәбірленуші түсінік бере алмады. Біз оның денсаулығына және тергеу бұл қылмысты "ізін суытпай”" ашуға болатын алтын уақытты өткізіп алған болуы мүмкін деп алаңдадық. Жедел-іздестіру іс-шараларының арқасында күдікті ұсталып, қамауға алынды", - деді Алматы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы Мақсат Қанапияев.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript