Қазақстанда ойын бизнесі мен лотереяны реттеу комитеті құрылады
Сурет: Zakon.kz
Туризм және спорт министрлігі "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің кейбір мәселелері туралы" қаулы жобасын әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жобада Туризм индустриясы комитеті оның құрамынан ҚР Туризм және спорт министрлігінің ойын бизнесін реттеу Комитеті мен лотереясын бөлу арқылы қайта құрылады деп көзделген.
Түсіндірме жазбада мұндай шешім Комитетке салалық мәселелерді дербес және жедел шешуге мүмкіндік беретіні айтылған.
Жаңа комитет Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 30 мамырдағы қарарын іске асыру мақсатында құрылды.
Жоба 2024 жылғы 24 маусымға дейін қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" порталында орналастырылған.
Біз бұған дейін елімізде құмар ойындарына қарсы күрес жоспары дайындалғанын айтқан болатынбыз.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript