Жаңалықтар тізбегі
0

Шымқаланың Еңбекші ауданында жаңа гүлзар ашылды

Гүлзар, Шымкент, Еңбекші ауданы, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.06.2024 19:53 Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Шымкент қаласы, Еңбекші ауданындағы Жібек жолы - Сайрам көшелері қиылысында тағы бір жаңа гүлзар ашылып, пайдалануға берілді. Жаңа әлеуметтік нысан кәсіпкерлердің қолдауымен бой көтеріп отыр. Аумағы 1,1 гектар гүлзарда тұрғындарға барлық қолайлы жағдай жасалған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков жаңа гүлзардың ашылуына қатысып, тұрғындармен кездесті.

Аталған ауданда 2022 жылы "Қазақстан-Түркия достығы" саябағы тұрғындар игілігіне берілген. Биыл тағы бір жаңа гүлзар ашылды. Жаңа нысан – BI group компаниясының қалаға арналған сый-тартуы. Жұмысшылар құрылысты 1,5 ай ішінде, қала күніне орай аяқтады.

Жаңа гүлзар, Шымкент, Еңбекші ауданы, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.06.2024 19:53

Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Аллея BIG TULIP атауын иеленген. Tulip түркі тілінде қызғалдақ деген мағынаны білдіреді. Аллеяға кіреберістегі бес қызғалдақ түнде жарқырап, айналаға көрік береді. Компания өкілі Қайрат Қуанышбаевтың айтуынша, қыркүйек айында тағы бір жоба аяғына жеткізіліп, қолданысқа берілмек.

Ғабит Сыздықбеков, Шымкент, жаңа гүлзар, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.06.2024 19:53

Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бұған дейін заңсыз сауда нысандары болған аумақ осылайша абаттанған орынға айналды. Қала әкімі тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру жұмыстары одан әрі жалғаса беретінін айтты.

"Өздеріңіз білесіздер, бұндай нысандарға бюджеттен қаржы бөлініп жатқан жоқ. Бәрі де кәсіпкерлердің өз бастамасымен, сый-тартуы ретінде салынуда. Осы іске үлес қосқан сіздерге де рақмет. Игіліктеріңізге пайдаланыңыздар. Көпшілік демалатын осындай орындар көбейе берсін. Енді осы нысанды өздеріңіз күтіп-ұстаңыздар. Жалпы халықтың да тазалыққа деген санасы өзгеруі керек. Қазір қалада субұрқақтардың кейбір ескірген бөлшектерін ауыстырып жатырмыз. Жақын арада оны да іске қосамыз", – деді қала әкімі тұрғындармен кездесуде.

Big Tulip, қызғалдақ, Шымкент, Еңбекші ауданы, гүлзар, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.06.2024 19:53

Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Өз кезегінде қала тұрғындары да шаһар басшысына ризашылығын айтты. Осындай жаңа гүлзарлар көптеп ашылғалы жастардың, тұрғындардың да көңілі шаттанып, айналаны таза ұстауға деген ынтасы артуда.  

Жаңа гүлзар, Шымкент, Еңбекші ауданы, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.06.2024 19:53

Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қызғалдақ – қаламыздың символы. Big Tulip атауы адамдардың назарын осы әдемі гүлге аударуды көздейді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: