Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда борышкерлер ыстық судан ажыратылды

Алматыда борышкерлердің пәтеріндегі ыстық суы өшіріледі, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.06.2024 10:03 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматының коммуналдық қызметтері жылу энергиясы үшін ақы төлемеген абоненттерден сот арқылы қарыздарын өндіріп, толық өтелгенше оларды ыстық судан ажыратпақшы.

Қазірдің өзінде пайдаланылған ыстық су мен жылыту үшін жалпы қарыз шамамен 2,1 миллиард теңгеге жетті.

Енді күн сайын "Алматы жылу жүйесіне" қарызы бар бірнеше ондаған борышкер ыстық судан қағылуда. Айта кету керек, екі және одан да көп ай бойы төлем жасалмаса, тұтынушы борышкер санатына еніп, қарызды өтеу қажеттілігі туралы хабарлама алады. Егер борышкер одан кейін де қарызын төлемесе, басқа да шаралар қолданылады, соның ішінде пәтер не үйіндегі ыстық суы өшіріледі.


"Борышкерлерге ыстық су беруді шектеу – бұл еріксізден қолданылып отырған шара. Кәсіпорын мұндай шараға баруға мәжбүр, өйткені тұтынушылардың жылумен жабдықтау қызметтерін төлемеуі алдағы жылыту маусымына толық дайындық жасау мен ол маусымнан қолайлы өтуді қамтамасыз етуге кері әсерін тигізуде." "Алматы жылу жүйесі" ЖШС

Биылғы жылдың басынан бері Алматыда төленбеген жылу энергиясы үшін 1610 абонент өшірілген. Бүгінге дейін компанияға жылыту мен ыстық су үшін төлем жасамаған 1212 тұтынушының активтері бұғатталды, 355 банктік есепшот бұғатталды, төлемдерін уақытында төлемеген 165 азаматқа Қазақстаннан шығуға тыйым салынды.

Соттың талап арыздарын қанағаттандыру арқылы тұтынылған жылу үшін берешекті өндіріп алу төлемақы төлеушінің жылжымалы және жылжымайтын мүлкін, көлік құралдарын, банктік шоттарын бұғаттауды, республикадан тысқары жерлерге шығуына шектеулер енгізуді, іс–әрекеттің барлық түрі бойынша лицензияларының қолданылуын және мемлекеттік органдардан құжаттарды ресімдеуді тоқтата тұруды көздейтінін естеріңізге саламыз.

Сонымен қатар, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, коммуналдық қызметтер бойынша берешектердің болуы (борышкерлер туралы ақпарат "Мемлекеттік кредиттік бюро" АҚ сұрауы бойынша беріледі) несие беру кезінде де ескеріледі.

Мұндай шаралар тек қасақана төлемеушілерге қатысты ғана қолданылады - ыстық судан ажыратудан бастап сотпен қудалауға дейінгі аумақтағы шараларды қолдана отырып, компания өкілдері оларды міндетті түрде жинақталған қарызы туралы хабарландырып отырады және басқа да бірқатар алдын алу шараларын жүргізіп келеді.

Жылу қызметкерлері қарызды өндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп отырғанын хабарлады. Сондықтан "АлЖЖ" ЖШС азаматтарды қарыздарын тез арада өтеуге және коммуналдық қызметтер төлемдерін уақытылы төлеуге жауапкершілікпен қарауға шақырады.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: