Өскеменде жантүршігерлік жол апаты болды

жол апаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.06.2024 22:57 Сурет: видео скрині
20 маусым күні сағат 20:00 шамасында Өскемендегі Есенберлин даңғылының бойында теміржол көпірінің маңында адам өлімімен аяқталған жол апаты болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

КамАЗ бен Geely көліктерінің соқтығысуы салдарынан жеңіл көліктің жолаушысы оқиға орнында қаза тапты, жүргізуші түрлі жарақатпен медициналық мекемеге жатқызылды.

Сурет: ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі

"Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Құрметті көлік жүргізушілері, жолда жүру ережелерін қатаң сақтауларыңызды сұраймыз!"ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі

Сурет: ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: