Павлодар – Семей тасжолында адам өлімімен аяқталған жол апаты болды

Павлодар – Семей тасжолында адам өлімімен аяқталған жол апаты болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.07.2025 14:50 Сурет: Zakon.kz
Павлодар – Семей тасжолында адам өлімімен аяқталған жол апаты болды. Полиция аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Аққулы ауылынан 20 шақырым жерде Toyota Corolla автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көлік жолдан шығып, кюветке аударылып кеткен.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан Toyota Corolla көлігінің жолаушысы көз жұмды, екі адам түрлі жарақат алды.

Облыстық полиция департаменті жүргізушілерге жолдағы жылдамдық режимін қатаң сақтау, қозғалысы көп және жолы күрделі учаскелерде барынша сақ болу, сондай-ақ көліктің техникалық жағдайын тұрақты бақылауда ұстау қажеттігін ескертеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: