Павлодарда тұрмыстық жанжал адам өлімімен аяқталды

Павлодарда тұрмыстық жанжал адам өлімімен аяқталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.07.2025 17:20 Сурет: pexels
Павлодарда тұрмыстық жанжал адам өлімімен аяқталды. Кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 21 шілдеге қараған түні Заслонов көшесіндегі үйдің кіреберісінде екі ер адам арасында тұрмыстық жанжал туындаған. Қақтығыс кезінде олардың бірі досына пышақ жарақатын салып, ол оқиға орнында көз жұмған.

"Қылмыс жасады деген күдікпен ер адам анықталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деп хабарлады департамент.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы, бірінші бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: