Астанадағы өрт: Қала әкімі зардап шеккен көпқабатты тұрғын үй тұрғындарымен кездесті
Сурет: Facebook/Jenis Qasymbek
Бір күн бұрын Астанада "Хан Шатыр" сауда ойын-сауық орталығы маңында өртенген Rixos Khan Shatyr Residences тұрғын үй кешені тұрғындарымен қала әкімі Жеңіс Қасымбек кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы әкім әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Оның айтуынша, өрт салдарын жою бойынша жұмыс комиссиясы құрылады.
"Енді сарапшылар техникалық қорытынды бергеннен кейін қасбетті қалпына келтіруге және зардап шеккен пәтерлерді жөндеуге кірісеміз. Өрттің себебін қалалық ТЖД анықтайды", делінген әкім жазбасында.
Сурет: Facebook/Jenis Qasimbek
Сурет: Facebook/Jenis Qasimbek
Сондай-ақ Жеңіс Қасымбек өрттен кейінгі тұрғын үйде түсірілген суреттермен де бөліскен.
Сурет: Facebook/Jenis Qasimbek
Сурет: Facebook/Jenis Qasimbek
Айта кетсек, 22 маусымда сағат 15:09-да Астана қаласы ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері шақырудың жоғары рангы бойынша Тұран көшесі, 37/9 үй мекенжайына аттанды. Өрт сөндірушілер тұрғын үй кешенінің 26 қабатындағы пәтердің сыртқы жабыны жанып жатқанын анықтады. Төтеншеліктер тұрғын үй кешенінен сегіз адамды, оның ішінде бір баланы эвакуациялады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript