Астанада білім орталығының ноутбуктерін алаяқтық жолмен иеленген күдікті анықталды

Астанада білім орталығының ноутбуктерін алаяқтық жолмен иеленген күдікті анықталды  , сурет - Zakon.kz жаңалық 24.06.2024 14:51 Сурет: Zakon.kz
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Есіл ауданы ПБ қызметкерлері алаяқтық жасаған 22 жастағы елорда тұрғынын анықтады.

Тергеу барысында жігіттің білім орталығынан үш ноутбукты заңсыз иеленгені анықталды.

Жігіт менеджер болып жұмысқа орналасып, төрт айға жуық жұмыс істегеннен кейін сенімге кіріп, пайдалануға арналған құрал-жабдықтарды алып, кейін ол гаджеттерді ломбардқа тапсырған.

Келтірілген шығын шамамен 700 мың теңгені құраған. Түскен қаражатты ол өз қалауы бойынша пайдаланған.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Елордада жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: