Қытайдың су басқан аудандарында нөсер жауын жаууы мүмкін
Сурет: pixabay
Қытайдың бұған дейін алапат су басқан оңтүстік провинцияларында қайта нөсер жауын жаууы ықтимал. Елдің ауа-райы агенттігі осындай ескерту жасады.
Қолайсыз ауа райы екі аптаға жалғасуы мүмкін. Елдің оңтүстігіндегі аудандарда су тасқыны әлі сейілген жоқ.
Соңғы үш күн бойы толастамай нөсер жауын жауып, үйлер, жолдар, егіс алқаптарын су шайды.
Табиғи апаттан Хунань провиниясының бір ауылында 8 адам қаза тапқан, деп жазады qazaqstan.tv.
Тасқыннан жолдар жабылды
Швейцарияны да үздіксіз нөсерден кейін су басып, лай көшті. Апат жайлаған оңтүстік-шығыс аймақтарда жолдар жабылған.
Үш адам жоғалып кетті. Танымал Церматт курорты табиғи апат кезінде сыртқы әлеммен байланысты үзген.
Мұнда қала арқылы ағатын Виспа өзені арнасынан тасыды. Полиция адамдарға мейілінше үйде отыру қажет екенін ескертті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript