Алматы әуежайының аумағындағы тәртіп бақылауға алынды
Сурет: ҚР ІІМ
Алматы қаласының полициясы Алматы әуежайындағы тәртіпті өз деңгейінде бақылауда ұстайды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы халықаралық әуежайында заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету, сондай-ақ жеке такси жүргізушілерінің Алматы қаласына келген азаматтардың мазасын алу дерегінің жолын кесу мақсатында күн сайын учаскелік полиция инспекторлары мен патрульдік полиция қызметкерлері кезекшілікке кіріседі.
"Алматы қалалық халықаралық әуежайы – қаланың көрікті жерлерінің бірі. Сондықтан оның аумағында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында алдын алу шаралары қарқынды жүргізіліп жатыр. Жыл басынан бері аталған салада ҚР ӘҚбК-нің 449-бабының нормаларын бұзу бойынша 124 дерек, сондай-ақ ҚР ӘҚбК-нің 163-бабы бойынша 13 дерек анықталды. Сонымен қатар жол қозғалысы ережесін бұзған мыңнан астам азамат жауапкершілікке тартылды", – деді Түрксіб аудандық полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Бақыт Мырзағали.
Сондай-ақ оның айтуынша, жолаушылар тасымалымен айналысатын жүргізушілермен профилактикалық және түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Басты мақсат – олардың тарапынан азаматтар мен шетелдіктерге қатысты заңсыз әрекеттердің алдын алу.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript