ҰҚК төрт қазақстандықты ұстады
Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
2024 жылдың 27 маусымында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті күдіктілердің ұсталғаны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
2024 жылғы 26 маусымда Түркістан облысында Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен және ІІМ-мен өзара іс-қимыл жасай отырып, терроризмді насихаттады деген күдікпен Қазақстанның 4 азаматын ұстады.
Алдын ала деректер бойынша, фигуранттардың бірі ұзақ уақыт бойы шетелде тұрған, радикалды діни идеологияға сол жерде тартылған болуы ықтимал.
"Тінту барысында діни әдебиеттер мен өзге де заттай дәлелдемелер алынды." ҰҚК баспасөз қызметі
Қылмыстық кодекстің 256-бабының 1 және 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript