Жаңалықтар тізбегі
0

Президент: Атом электр станциясына қатысты референдум күзде өтеді

Президент, Атом электр станциясына қатысты референдум күзде өтеді, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.06.2024 12:43 Сурет: Zakon.kz
БАҚ қызметкерлерін марапаттау рәсімінде Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы атом электр стансасының құрылысы туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы тұрақты энергиямен қамтамасыз етусіз экономиканың дамуы мүмкін емес екенін атап өтті.

"Өздеріңіз жақсы білесіздер, экономиканы дамыту үшін тұрақты энергия көзі керек. Сондықтан мен атом электр стансасын салу мәселесін пысықтау туралы нақты тапсырма бердім. Қазір жан-жақты талқылау болып жатыр. Әртүрлі пікір айтылуда. Бұл үдеріске бұқаралық ақпарат құралдары да белсене атсалысуы керек. Шын мәнінде, елімізде атом энергетикасын дамытуға зор мүмкіндік бар. Оны дұрыс, яғни тиімді пайдаланған жөн. Осы мәселеге қатысты соңғы шешімді халық қабылдайды. Референдум биыл күзде өтеді. Үкімет нақты датаны айқындайды". Мемлекет басшысы

2024 жылы 31 мамырда Алматыда мемлекет басшысы ғалымдармен кездесуінде оларды атом электр станциясының құрылысы туралы айтуға шақырды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: